Облыстық жаңалықтар

Қоңыр әулиенің төрінде

Шығыс Қазақстан облыстық "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары штабының ұйымдастыруымен Абай ауданындағы қасиетті "Қоңыр әулие" үңгіріне екі күндік "Туған жер - қасиетті мекенім" атты саяхат ұйымдастырылды.

Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі туризм саласы екені сөзсіз. Ұлан-байтақ қазақ жерінің туристік тұрғыдан орманды даласы да, таулы-тасты өңірі де тартымды. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы қасиетті "Қоңыр әулие" өңірін көзбен көріп, көңілін бірлеп қайтуға құштар жандар саны жыл санап артып келе жатыр.

Киелі тау бөктері адам жанын рухани тазартып, ағзаға күш беретін қасиеттерге ие. Сол жердегі бұлақтың суы да көптеген ауруларға емдік қасиеті жоғары екендігін білеміз. Осындай "дертке дауа-жанға шипа" болатын қасиетті мекенге еліміздің түпкір-түпкірінен және шет елдерден келетін туристер саны жылдан-жылға көбейіп келеді.

Сол себептен Қасиетті Ораза айында осындай бастама көтеріп отырған "Жасылелдіктер" 2 күн көлемінде туған өлкенің тарихынан зор мағлұмат алып, қасиетті жерді қоқыстардан тазартып, сенбілік өткізген болатын.

Іс-шараны ұйымдастырушы ШҚО "Жасыл ел" еңбек жасақтары штабының жетекшісі М.Е.Шаменовтың айтуынша: "Басты мақсатымыз - табиғатты аялай отырып, жастардың басым көпшілігі барып демалатын киелі жерді қоқыстан тазарту болатын. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттыру көзделді".

Іс-шараға 50-ден астам "Жасыл ел" сарбаздары қатысқан.

 
26 августа, 10:46
205

Летний семестр

Как работают, так и отдыхают...

Бойцы "Жасыл ел" отметили середину летнего трудового сезона. На прошлых выходных ребята провели вечеринку "Зеленая середина".

"Не секрет, что костанайские бойцы " Жасыл ел" не только сторонники решения экологических проблем в нашем регионе, но и организаторы различных развлекательных мероприятий Это стало уже хорошей и доброй традицией, потому что подобные мероприятия сплачивают ребят, способствует развитию культуры здорового образа жизни и правельной организации досуга", - говорит руководитель штаба "Жасыл ел" Айдар Муратов.

Разжечь вечеринку помогали Dj Evgen & Dj Coci, рулил вечером Роман Цветиков, в ходе вечера собравшихся гостей веселила команда КВН "Жасыл ел".

Молодые бойцы веселились так, как они работают - от души и с полной отдачей. Ребята зарядились энергией и позитивом и готовы продолжать работать на благо своего края.

22 августа, 12:50
131

Активная молодежь

Чистые дела...

19 августа в сквере жилого массива Коктал на ул. Ардагерлер Штаб студенческих строительных и молодежных трудовых отрядов «Жасыл ел» г. Астана в рамках молодежного марафона-эстафеты «Расцвет села – расцвет Казахстана» провели работы по благоустройству и озеленению.

Силами молодежи и участников марафона были проделаны следующие работы: прополка от сорняков, срез сухих веток...

очистка от мусора территории сквера и побелка деревьев и пней.

В акции приняли участие средняя школа № 40 им. А. Маргулана под руководством командира Боранбековой З.А., и бойцы «Жасыл ел».

 
20 августа, 23:22
170

Міне, қызық...

Германия елінен елшілер келді
Осы маусымның басында жастар саясатының, қоғам өміріне араласу белсенділігінің даму саласымен танысу үшін Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық аясында  Германияның елшілері Астанаға келген еді. «Жасыл ел» жастар  еңбек жасақтарының  республикалық штабы ардақты қонақтарды қарсы алу мәртебесіне ие болды.

Бүгінде бiздiң елдегi жастар саясаты мәселесi өте қызықты мәселелер қатарына жататынын білеміз. Осы орайда «Deutsche Welle», DRadio Wissen» үшiн немiс фрилансерлері Қазақстанға бес күндік сапармен келді. Неге десеңiз, Қазақстанның қазiргi даму қарқыны өте жоғары. Бiз бұрынғы Кеңестер Одағы құрамындағы елдердi былай қойғанда, экономикалық өркендеу жағынан кейбiр Еуропа елдерiн де басып оздық. Сондықтан, барлық әлеуметтiк, экономикалық, саяси үдерiстер шетелдіктердің назарынан қалыс қалмауы айдан анық.

Енді, аталмыш фрилансерлермен танысу уақыты да келіп жеткен сияқты.  Ендеше, таныс болайық, назарларыңызда:

Клаус Янсен - салмақты әрі байсалды мейман.

Мартин Щютц - жан-жақтылығымен ерекшеленетін жан.

және жас либерал Максимилиан Хайлман - кішіпейілділік және қарапайымдылық оған тән.

Қонақтарымыз бірінші күні Астана қаласына саяхат жасауды жөн көріп, Есіл өзенінің оң жағалауының ең көрікті жерлерін аралап шыққан болатын.

Барлығы атайтындай, әлемнің сегізінші таңғажайыбы Бейбітшілік және келісім сарайынан бастаған едік.

архитектуралық жаңашылдыққа тәнті болып, таңқаларлық сезімге бөленді.

Мартин, ғимараттың шынында да таңғажайыпқа ұқсайтынын айтты.

19 августа, 18:12
233
  • 2
  • 1